АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымы жариялаған байқауда жылдың үздік боксшы атағына ие болды.
Бұл таңдау әлеуметтік желі арқылы дауыс беру нәтижесінде белгілі болды.
Жанкүйерлер Махмұдпен өзбекстандық Жавохир Умматалиев, Фазлидин Эркинбоев, бразилиялық Луис Оливейра мен Юри Фалькаомен бәсекеге түсті. Олардың арасынан отандасымыз оқ бойы озық шықты.
Махмұд Сабырхан 2001 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2023, 2025 жылдары әлем чемпионы болса, 2021 жылы күміс жүлдегер атанды. 2024 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2022 жылы құрлықтық додада екінші орын алды.
Сондай-ақ жыл үздігі бәсекесінде ол үндістандық қос боксшы Жасмин Ломбария мен Минакши Хода, норвегиялық Суннива Хофстад және польшалық Агата Качмарсканы артқа қалдырып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.