Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда әлем чемпионы, өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен кездесіп, бірінші раундта басымдық танытты. Алайда екінші және үшінші раундтарда қарсыласына есе жіберіп, қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды.
Сондай-ақ бүгін 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шығады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов пен Әйгерім Сәттібаева Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.