Жанкелді Ахметов баптайтын құрама 12 салмақта топ жарды. Бұл бәсекеге Азия құрлығындағы Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам секілді 21 елден былғары қолғап шеберлері келді.
Ел құрамасынан:
- Айым Таңқыбаева (48 келі)
- Сила Биболсынқызы (50 келі)
- Рахмина Абдумежитова (52 келі)
- Жанель Имантаева (54 келі)
- Ақнұр Тұрсынғали (57 келі)
- Толғанай Қасымхан (60 келі)
- Алина Құдайгенова (63 келі)
- Ақбота Есімбекова (66 келі)
- Мария Сидоренко (70 келі)
- Зарина Толыбай (75 келі)
- Құралай Егінбайқызы (81 келі)
- Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) чемпион атанды.
Енді санаулы сәттен кейін жастар санаты бойынша ұлдар арасында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.
Онда аға жаттықтырушы Максат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақтың 11-де қазақстандық боксшылар бас жүлдеге таласып жатыр.