Қазақстандық боксшы қыздар олимпиадаға дайындықты пысықтап жатыр

Фото: ҚБФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы қыздар олимпиада ойындарына дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Алматы облысында өтіп жатқан жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдылық беруде.

Барлығы 28 боксшы шеберлігін ұштап жатса, оның ішінде үш спортшы олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай,
57 келі. Жайна Шекербекова,
75 келі. Жасмин Қизатова.

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиадада қазақстандық боксшы қыздардың кімдермен жұдырықтасатынын жазған болатынбыз.