Олимпиада-2024: Қазақстандық боксшы қыздар кімдермен жұдырықтасады
АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық бұрымды боксшылар үш салмақта жолдама жеңіп алған болатын.

Нақтырақ айтсақ, 50 келі салмақта Назым Қызайбай, 57 келі салмақта Карина Ибрагимова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.
Қазір Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына лицензиялар санын 80-ге жеткізді. Оның ішінде қазақ боксшылары 10 салмақта (7 салмақ ерлер, 3 саламақ әйелдер) бақ сынайды.
50 келі Назым Қызайбайдың салмағындағы Олимпиадаға қатысатын боксшылар:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ю Ву (Қытай)
Чутхамат Раксат (Тайланд)
Каролин Алмейда (Бразилия)
Моника Сурачи (Австралия)
Румеза Буалам (Алжир)
Василий Лкадири (Франция)
Бусеназ Чакироглу (Түркия)
Дженнифер Лозано (АҚШ)
Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Макси Клоцер (Германия)
Ингрит Валенсия (Колумбия)
Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
Айра Вильегас (Филиппин)
Дайна Мурхаус (Ирландия)
Пихла Кайво-оджа (Финляндия)
Фатима Эррера (Мексика)
57 келі Карина Ибрагимованың салмағындағы Олимпиадаға қатысатын боксшылар:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Лин Ютин (Қытай Тайбэйі)
Светлана Станева (Болгария)
Жусилен Ромеу (Бразилия)
Хулоуд Хлими (Тунис)
Тина Рахими (Австралия)
Амина Зидани (Франция)
Валерия Арболеда (Колумбия)
Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Юлия Шеремета (Польша)
Нести Петесио (Филиппин)
Элис Мендоза (АҚШ)
Сюй Цзычун (Қытай)
Джайсмин Ламбориа (Үндістан)
Эсра Йылдыз (Түркия)
75 келі Валентина Хальзованың салмағындағы Олимпиадаға қатысатын боксшылар:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ли Цянь (Қытай)
Ловлина Боргохайн (Үндістан)
Хадиджа Эль-Марди (Марокко)
Кэйтлин Паркер (Австралия)
Ифе Мари О'Рурк (Ирландия)
Атейна Бэйлон (Панама)
Тамара Тибо (Канада)
Давина Мишель (Франция)
Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Шантел Рид (Ұлыбритания)
Суннива Хофстад (Норвегия)
Синди Нгамба (Босқындар Олимпиадасының құрамасы)
Эльзбиета Вуйчик (Польша)
Бейсон Маникон (Тайланд)
Херджи Бачьядан (Филиппин)
Цитлалли Ортис (Мексика)
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бокстан ерлер құрамасының Олимпиададағы қарсыластары туралы жазған болатынбыз.
Жалпы, боксшыларымыз Олимпиада ойындарынан жүлдесіз қайтқан емес.
1996 жылы Василий Жиров (81 келі) - алтын, Болат Жұмаділов (51 келі) - күміс, Болат Ниязымбетов (63,5 келі), Ермахан Ибраимов (71 келі) - қола; 2000 жылы Бекзат Саттарханов (57 келі), Ермахан Ибраимов (71 келі) - алтын, Болат Жұмәділов (51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (91 келі) - күміс; 2004 жылы Бақтияр Артаев - алтын, Серік Елеуов - күміс; 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев (69 келі) - алтын, Еркебұлан Шынәлиев (81 келі) - қола; 2012 жылы Серік Сәпиев (69 келі) - алтын, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) - күміс, Марина Вольнова (75 келі) - қола; 2016 жылы Данияр Елеусінов (69 келі) - алтын, Василий Левит (91 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) - күміс, Иван Дычко (91 келіден жоғары), Дариға Шәкімова (75 келі) – қола медаль жеңіп алды. Ал, соңғы 2020 жылы Токио Олимпиадасында боксшыларымызға тұңғыш рет алтын бұйырмады. Тек Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) пен Сәкен Бибосынов (52 келі) - қола алып қайтты.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.