Жекпе-жек отандасымыздың айқын басымдығымен өтіп, мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта екі рет нокдаун тіркелгеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Ресми нәтиже – Ковригиннің техникалық нокаутпен жеңісі.
Айта кетейік, Ковригин кәсіпқой рингке бір жылға жуық үзілістен кейін қайта оралып отыр. Ол бұған дейін 2025 жылдың желтоқсанында Алматыда жұдырықтасып, грузиялық Давид Нацвилишвилиді (4-8, 1 КО) мерзімінен бұрын жеңу арқылы екі жеңілістен тұратын сәтсіз сериясын тоқтатқан еді.
Ал оның қарсыласы Рамадан Масуд Идд соңғы кездесуін биылғы 25 шілдеде Кенияның Найроби қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Джаван Буйюдан (8-0, 5 КО) нокаутпен жеңілген болатын.
Головкиннен басқа қазақстандық қай боксшылар әлем чемпионы атанғанын мына материалдан оқыңыз.