Бұл туралы боксшының жеке бапкері Ілияс Оралбеков мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, Төрехан шәкіртім спарингке қатыспайды. Халықаралық Олимпиада Комитеті Төрехан Сабырханның (жасы 18-де) рұқсат елтілген шекті 19 жасқа толмауына байланысты қатысуға шектеу қойды. Қолдағандарыңызға көп рахмет, жеңісті күндеріміз әлі алда», - деп жазды Төрехан Сабырханның жеке бапкері.
Осыдан бірер күн бұрын Астанада 8-10 сәуір күндері өтетін спаррингтік турнирге 63,5 келіде қатысатын боксшылар анықталған болатын. Бұл салмақта жастар құрамасында өнер көрсететін Төрехан Сабырханға Олимпиаданың лицензиялық турниріне жолдама беретін спаррингтік жекпе-жектерге қатысуы тиіс еді. Алайда, ол 19 жасқа толмауына байланысты аталған бәсекеге қатыстырылмайтын болды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 63,5 келі салмақта лицензиялық турнирге баратын боксшы спарринг арқылы анықталатынын жазған болатынбыз.
Олардың тізімі төмендегідей:
Ертуған Зейнуллинов
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Дулат Бекбауов
Жандос Қыдырәлиев
Серік Теміржанов.