ТАРАЗ. KAZINFORM – Таразда өткен RD Promotion бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық Әлішер Әбдуәлім Қытайдан келген этникалық қазақ Есболат Серікпен (5-1, 3 КО) жұдырықтасты.
Prosports.kz спорттық порталының мәліметінше, бұл кездесуде боксшылар бос тұрған WBA Asia титулына таласты.
Жекпе-жек толық он раундқа созылды. Әбдуәлім төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін кубалық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырғанын хабарлаған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.