Қазақстандық боксшылар алдағы дайындығын қайда өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылды қорытындылап, 2028 жылғы Олимпиада ойындарында дайындық жоспарымен бөлісті.
ҚБФ бас хатшысы, ұлттық құраманың бұрынғы боксшысы Мерей Ақшаловтың айтуынша, еліміздің ерлер мен әйелдер құрамалары барлық жоспарланған жарысқа қатысты.
Ол қазақстандық боксшылардың World Boxing, IBA және басқа да ұйымдардың қолдауымен өткен турнирлерде табысты өнер көрсеткенін атап өтті.
Алдағы жоспарға келетін болсақ, АҚШ-тағы жаттығуларға баса назар аударылады.
- Биылғы жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оған төрт боксшы қатысты. Олар бір жарым ай бойы Астанада Әлем кубогына дайындалды. Болашақта Америкада мұндай жиындар жүйелі түрде өткізіледі. Өйткені 2028 жылы онда Олимпиада ойындары өтеді. Сондықтан біз спортшыларды сол елге жіберуді жөн көріп отырмыз, - деді Мерей Ақшалов.
Еске салсақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін мәлімдеді.