АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжанның Евлах қаласында 27 қыркүйек — 6 қазан аралығында өтетін ТМД елдерінің ойындарына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы белгілі болды. Онда 2009-2010 жылдары дүниеге келген боксшылар бақ сынайды.
Еліміздің намысын Аңсар Усенхан (46 келі), Қорғанбек Балтин (48 келі), Аслан Жеңіспаев (50 келі), Едіге Нұрқожа (52 келі), Жалғас Апбаз (54 келі), Ұлас Әлімжан (57 келі), Ислам Сулейменоглы (60 келі), Алдияр Баяндинов (63 келі), Амир Рамазан (66 келі), Дарын Төлеген (70 келі), Төреғали Сейдуллаев (75 келі), Бауыржан Алиакбар (80 келі) мен Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) қорғайды.
Жасөпірімдер құрамасының аға жаттықтырушы қызметін Бағдат Оңғарбеков атқарады.
Айта кетсек, биыл бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты Семей қаласында өтеді.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері 12-19 қазан аралығында әр салмақта өзара мықтыны анықтайды. Оған еліміздің барлық өңірінен тәжірибелі боксшылар келеді деп жоспарланған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.