АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталады.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, халықаралық турнирге әлемнің 16 елінен 106 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстаннан 12 боксшы ел намысын қорғайды. Жарыс 17 наурызға дейін жалғасады.
«Belgrade winner» турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар:
48 келі: Ернұр Қайрат,
51 келі: Санжар Тәшкенбай,
54 келі: Дәулет Молдашев,
57 келі: Оразбек Асылқұлов,
60 келі: Бейбарыс Жексен,
63,5 келі: Ерасыл Таңқай,
71 келі: Сабыржан Аққалықов,
75 келі: Диас Молжігітов,
80 келі: Ерасыл Жакпеков,
86 келі: Темірлан Мұқатаев,
92 келі: Данияр Рахымбердинов,
91 келі: Олжас Боқаев.
Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков және Нұржан Насанов.
Бүгін кешке шаршы алаңға үш қазақстандық боксшы шығады:
Ерасыл Таңқай — Нарек Хоранисян (Армения),
Сабыржан Аққалықов — Антонио Биссет (Сербия),
Темірлан Мұқатаев — Шарабутдин Атаев (Ресей).
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).