АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында 10-16 сәуір аралығында өтетін халықаралық «Жібек жолы» турнирінде еліміздің атынан 20 боксшы сынға түседі.
30 наурыздан бастап қазақстандық боксшылар Әзербайжан астанасында бірлескен оқу-жаттығу жиынына кірісті.
Халықаралық турнирде қатысатын Қазақстан құрамасы:
48 келі: Е.Қарап, Н.Төребеков
51 келі: Р.Нұрлыбаев
54 келі: Б.Кенжебек, Б.Боранбек, Ж.Сәрсенбаев
57 келі: Е.Сабыр, Е.Тұрдан
60 келі: Ш.Мусинов, Ж.Көшербаев
63,5 келі: Б.Мағжан
67 келі: Д.Бекбауов, А.Көшербай
71 келі: Н.Мұрсал, Е.Сүйінбай
75 келі: С.Бегалиев, Ө.Сейілхан, М.Өтегенов
86 келі: Д. Мамыр
92 келі. Д. Рақымбердиев
Дүбірлі додаға қатысатын былғары қолғап шеберлері 11 салмақта сынға түседі.
Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңіндегі екінші жарыс күні, 1 сәуірде ел құрамасынан бес спортшы шаршы алаңға шығады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.