Қазақстандық боксшылардың Азия ойындары жартылай финалындағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан боксшылардың қарсыластары анықталды.

Фото: ҰОК

Құрлықтық бәсекеде ел құрамасынан 1/2 финалда қазақстандық бес боксшы сынға түсетін болды. Олардың қатарында Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

1/2 финал

29 қыркүйек

  • 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Нарендер (Үндістан)

30 қыркүйек 

  • 51 келі. Алуа Балқыбекова - Ти Та Нгуен (Вьетнам)
  • 75 келі. Наталья Богданова - Ловлина Боргохайн (Үндістан)
  • 70 келі. Төрехан Сабырхан - Шавкатжон Болтоев (Өзбекстан)
  • 55 келі. Махмұд Сабырхан - Карло Паалам (Филиппин).

Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.