Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің финалына шықты.

Фото: спортшының Instagram парақшасынан

Турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 440-орында тұрған румыниялық Габи Адриан Бойтанмен жолықты.

Д.Попко қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 601-ракеткасы, америкалық Алекс Рыбаков немесе рейтингіде 650-сатыдағы эквадорлық Андрес Андраденің қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық спортшы бір апта бұрын Флорида штатындағы дәл осындай Санрайз додасының финалында А.Рыбаковты 7:5, 6:2 есебімен ұтып, чемпион атанған еді.

Еске сала кетейік, Дмитрий Попконыңң АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.