Алматыда бірқатар тұрғын үйде суық су өшіріледі
12:26, 17 Ақпан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Бостандық ауданында жаңа су желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, 18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан Розыбақиев көшесіндегі «Амир» ТК, «Estet» ТК, «4You», Тәжібаев көшесі бойынша «Элемент» ТК және Қожабеков көшесінің бойындағы №6, №17/1,№ 21 үйлер, «Браун» ТК мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
– Аталған қала секторларындағы суық сумен жабдықтаудың уақытша шектелуі жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,– делінген хабарламада.
Осыған дейін, Алматыда 1 ақпаннан бастап суық су мен кәріздің тарифі өзгеретіні туралы жазған едік.