Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев халықаралық Гран-приде алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өткен Гран-при турнирінің финалында бразилиялық қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұл туралы ҰҚК мәлім етті.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.