АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Санжар Ерұланұлы Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік шықты.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Санжар Ерұланұлы 90 келіге дейінгі салмақта финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын таза жеңді
Әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған қазақстандық дзюдошы жарысты екінші айналымнан бастап, әуелі Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жолдан тайдырды. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түсті.
Осыған дейін биыл жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында 90 келіге салмақта жеңімпаз атанған Санжар енді әлемдік додада алғаш рет озық шығып отыр.
Лимадағы әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Еркін Ғаббасовтың Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін еншілегенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).