Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 6 алтын еншіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы өтті. 

Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде 9 команданың өкілдері сынға түсті. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады. 

Қазақстан командасы бұл жарыста 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді. 

Бірінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленді. Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді.