АСТАНА. KAZINFORM - Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті.
Жарыстың екінші күнінде қазақстандық балуандар 2 алтын және 3 қола жүлде жеңіп алды. Ел құрамасынан Тоқтар Батырхан (90 келі) мен Мырзатай Қыдырбай (73 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Дәулеткерей Сефил (73 келі), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) және Ердәулет Жұмабай (90 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль еншілеген еді. Оның — 5-еуі алтын, 3-еуі күміс, 9-ы қола медаль.
Осылайша қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында барлығы 22 медаль олжалап қайтты.
Бұған дейін Әбиба Әбужақынованың әлемдік Гран-при жарысының финалына шыққанын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.