Дзюдодан ел құрамасы Ташкенттегі Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо спортынан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. 

Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жарыста жүлде алған жоқ.

Финалдық кезеңге дейін тек Ерасыл Қажыбаев ғана жетті. Ол 100 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін күресті, бірақ жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Қажыбаев жүлдеге таласта әзербайжандық спортшы Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6-8 наурыз аралығында Аустрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан дзюдо құрамасы жаттықтырушысының халықаралық турнирлерге дайындық туралы айтқанын жазғанбыз.