Қазақстандық дзюдошылар Түркияда өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Фото: Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — 29-31 наурызда Түркияның Анталья қаласында дзюдодан өтетін Grand Slam турнирінде қазақстандық спортшылар бақ сынайды.

Olympic.kz сайтынан мәлім еткеніндей, Қазақстан дзюдошылары толық құрамда өнер көрсетеді.

  • Ерлер:
    60 келі: Нұрқанат Серікбаев,
    66 келі: Ғұсман Қырғызбаев,
    73 келі: Данияр Шамшаев,
    81 келі: Абылайхан Жұбаназар,
    90 келі: Ермахан Әнуарбеков,
    100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев,
    +100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.
  • Әйелдер:
    48 келі: Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева,
    52 келі: Толғанай Әбеуова,
    57 келі: Бақыт Құсақбаева,
    63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова,
    70 келі: Екатерина Токарева,
    78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина,
    +78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Тбилисидегі Grand Slam турнирінде Қазақстанның үздік ондыққа енгенін жазған болатынбыз.

Тбилисиде Нұрқанат Серікбаев чемпион атанса, Ғалия Тынбаев қола алған еді.