АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде финалдық кезеңге жолдама алды.
Інжу Баққожа (46 келіге дейін) мен Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.
Екі балуан да жартылай финалға дейін жеткенімен, қарсыластарына есе жіберді. Енді олардың қола жүлде үшін өтетін белдесулердегі қарсыластары жұбаныш кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады.
Еске салайық, бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.