АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден жартылай финал өтті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында каноэден Александр Куликов 110.24 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтаса, әйелдер арасында кайак сайысы бойынша Екатерина Таранцева да 113.38 ұпаймен 5-орын алды.
Финал Астана уақыты бойынша 9:30–да өтеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, джитсер Абдулла Батырбек Азиаданың ширек финалына шықты.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.