Әлемдік додада 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз финалдық белдесуде америкалық спортшы Чендлер Марстеллерге жол берді.
Ал, Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлдені еншіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін PWL-8 кәсіпқой күрес турнирінде Ризабек Айтмұқан әйгілі Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалғанын жазған едік.