Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болған.
Балуандардың еншісінде 8 медаль бар. 110 келі салмақ дәрежесінде Қасымбек Едіге алтын жүлдегер атанса, 60 келіде Бекасыл Асамбек күміс медаль иеленді.
Тағы төрт балуанымыздың еншісінде қола жүлде бар.