АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшылар Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэда ескек есуден әлем чемпионатында кезекті финалдық жарысқа қатысты.
Әйелдер арасындағы каноэ-екіліктердің 200 метр қашықтықтағы жарысында Мария Бровкова мен Ульяна Киселева финалға жолдама алды.
Финалда қазақстандық спортшылар 43,99 секунд нәтижесімен тоғызыншы орынға ие болды.
Алтын медальді Беларусь құрамасының өкілдері Юлия Трушкина мен Инна Неделкина 42,26 секунд нәтижесімен жеңіп алды.
Өзбекстандық Шохсанам Шерзодова мен Нилуфар Зокирова 42,52 секунд көрсеткішпен күміс жүлдеге ие болды.
Қытайлық Шуай Чанвэнь мен Линь Вэньцзюнь 42,65 секунд нәтижесімен қола медаль алды.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.