Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық ескекшілер каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.
Жапониялық, ирандық ескекшілер екінші, үшінші орында.
Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан 2023 жылғы Азия ойындарында тағы екі күміс медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).