Бұл халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
Қазақстан спортшыларының толық тізімі төмендегідей:
Байдаркамен ескек есушілер: Бекарыс Раматулла, Игорь Ряшенцев, Сергей Токарницкий, Дмитрий Холмогоров, Артем Терещенко, Кирилл Тубаев, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева.
Каноэмен ескек есушілер: Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Руфина Искакова, Маргарита Торлопова, Ульяна Киселева, Полат Түребеков.
Жарыс барысында Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу үшін маңызды рейтингілік ұпайлар есепке алынады.
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 10 мамырда аяқталады.
Бұған дейін Қытайда байдарка мен каноеде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталғанын жазғанбыз.