АСТАНА. KAZINFORM – «Мельбурн парк» корттарында ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.
А тобында бірінші орын алған Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 14 жастағы Ева Корышева бүгін таңмен үндістандық Харита Ванкатешті 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ Ева бүгін түсқайта жартылай финалда жаңазеландиялық Яшвита Реддимен кортқа шықты. Есеп Корышеваның пайдасына 5:1 болған мезетте матч жаңбырға байланысты тоқтатылып, ертеңге қалдырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш болып Әмір Омархановтың жартылай финалға өте алмағанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).