АСТАНА. KAZINFORM – Аралас жекпе-жектен қазақстандық 26 жастағы файтер Бекзат Алмахан жеңіл салмақта UFC лигасында өнер көрсетпек. Бұл туралы UFC өкілдері underdogkz инстаграм парақшасында ресми түрде хабарлады.
«Бекзат OCTAGON лигасында өте қызықты жекпе-жектер өткізіп, MMA әлеміндегі ең мықты файтерлердің бірі болды. Ол өте мықты қарсыластарын жеңіп, OCTAGON тарихына ең талантты спортшы ретінде танылды.
Кейінгі 9 айда біз OCTAGON-да өнер көрсеткен екінші файтермен келісім-шарт жасастық, сол үшін қуаныштымыз. Демек, OCTAGON Орта Азия файтерлері үшін әлемдік лигаға шығатын таптырмас алаңға айналды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бекзат OCTAGON лигасында барлық жекпе-жегін нокаутпен жеңген спортшы. Ол MMA-да 17 кездесу өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңілген.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.