Жаңа жаттықтырушы жөнінде клубтың ресми парақшасында хабарлама шықты.
«Команданың бас бапкері болып португалиялық Фернандо Сантуш тағайындалды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Сантуштың жетекшілігімен Португалия құрамасы 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Айта кетейік, «Бешикташ» сапында қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.