Қазақстандық гимнастар Мысырдағы әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Каирдегі (Мысыр) әлем кубогы кезеңінде жүлдеге ие болды.

Фото: ҰОК

Екі медаль да ат үстіндегі жаттығуларда еншіленді.

Зейнолла Ыдырысов финалда 14,566 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.

Нариман Құрбанов дәл осы бағдарламада 14,566 ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, қола медаль иеленді.

Алтын жүлдені 14,800 ұпай жинаған армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при кезеңінде қола жүлде алғанын хабарлағанбыз.