Қазақстандық гимнастар Ташкенттегі Challenge Cup финалына жолдама алды

Фото: ҰОК

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды. 

Қазақстан құрамасының сапынан іріктеу кезеңінің алғашқы күнінде 4 спортшы финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Зейнолла Ыдырысов пен Диас Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Ал Дмитрий Патанин сақиналардағы жаттығуда үздіктердің қатарынан көрініп, финалға қиындықсыз өтті. 

Әйелдер арасында Амели Мукушева қол тіреп секіру жаттығуы бойынша пқтық кезеңде бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден Сиань (Қытай) қаласында өткен әлем кубогының финалдық кезеңінде үздік үштікке енгенін жазған едік.