Қазақстандық гимнастар Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде 6 финалға жолдама алды
14:47, 20 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің іріктеу кезеңі мәресіне жетті.
Екі күндік іріктеу сайысында отандастарымыз алты финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Дмитрий Патанин сақиналар мен қоссырықтағы жаттығуларда жүлде үшін сынға түседі. Ал Зейнолла Ыдырысов пен Диас Тойшыбек ат снарядындағы жаттығудың ақтық кезеңінде бақ сынайды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетеді.
Қоссырықтағы жаттығуда Ілияс Әзізов жүлдеге таласады.
Еске салсақ, бұған дейін гимнаст Ақмарал Ерекешева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған едік.