Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 2-ракеткасы Г.Ломакин мен украиналық Вадим Урсу финалда италиялықтар Филиберто Фумагалли – Сэмюэль Винсент-Ругиеримен бас жүлдені сарапқа салды.
Үш сетке созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Григорий Ломакиннің Мысырдағы турнирдің финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).