АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен келісім-шарт мерзімін тағы екі жылға ұзартты.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнайтын 28-жастағы хоккейшінің келісім-шарт мерзімі 2025/26 жылғы кезеңге дейін есептелген.
Никита Михайлис қазақстандық хоккей түлегі. «Металлург» сапына 2023 жылы қосылды. Өткен маусымда ол 52 кездесуде 15 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Қазірге дейін Никита Михайлис «Барыс» пен «Металлург» сапында 463 ойынға қатысты. Нәтижесінде 114 гол соғып, 138 нәтиежелі пас берді.
Ол еліміздің ұлттық құрамасы сапында 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірім хоккейші қыздары Латвияға есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.