Қазақстандық каратэшілер Мәскеудегі турнирде жеңімпаз атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеуде WKF каратэден өткен Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетті.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш турнирге барлығы 31 елден 329 спортшы қатысып, бақ сынады.

Сайыс қорытындысында өз салмақ дәрежелерінде қазақстандықтар Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Софья Берульцева ( 68 кг) және Никита Тарнакин (-84 кг) жеңімпаз атанды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Гүлмира Үсенова (-55 кг), Лаура Сағынбек (-68 кг) күміс жүлдеге ілікті. 

Ал Диас Анарбеков ( 84 кг), Жоламан Биғабыл (-60 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер күресінен Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталғанын жазған едік.