Қазақстандық колледж халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Жол-көлік колледжі Оңтүстік Корея Республикасының ABEEK аккредиттеу жүйесі аясында «Global Sapa» халықаралық академиясымен бірлесіп, халықаралық аккредитациядан сәтті өтті, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Аккредиттеу үдерісі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бекітілген жұмыс бағдарламасы мен кестеге сәйкес бірнеше кезең бойынша өткізілді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бағалау барысында колледждің білім беру жүйесінің құрылымы, басқару тетіктері, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы және нормативтік-құқықтық құжаттамалары жан-жақты сарапталды.

Сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылған.

— Шетелдік сарапшылар коллдждің оқу-өндірістік машықтандыру үдерісімен танысып, заманауи жабдықталған шеберханалар мен зертханалардағы практикалық сабақтардың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұдан бұрын Көкшетаудағы әскери колледждің 300-ден астам кадеті әлі карантинде жатқанын жазған едік.