Қазақстандық конькиші Жапонияда өткен төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алды

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА.KAZINFORM — Виталий Щиголев конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы масс-стартта Қазақстан құрамасының өкілі жеңіске жетті. Щиголевтің мәре уақыты 8:22.05.

Екінші орын Дэвид Да Руға (Канада) бұйырды — 8:22.12. Үздік үштікті канадалық Хэйден Майер түйіндеді — 8:22,77.

Қазақстан құрамасының еншісінде «күміс» және «қола» бар.

Надежда Морозова 1000 метр қашықтықта екінші, ал әйелдер командасы командалық спринтте үшінші нәтиже көрсетті.