АСТАНА.KAZINFORM — Виталий Щиголев конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы масс-стартта Қазақстан құрамасының өкілі жеңіске жетті. Щиголевтің мәре уақыты 8:22.05.
Екінші орын Дэвид Да Руға (Канада) бұйырды — 8:22.12. Үздік үштікті канадалық Хэйден Майер түйіндеді — 8:22,77.
Қазақстан құрамасының еншісінде «күміс» және «қола» бар.
Надежда Морозова 1000 метр қашықтықта екінші, ал әйелдер командасы командалық спринтте үшінші нәтиже көрсетті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.