Қазақстандық қос спортшы көркем жүзуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM –  Үндістанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден еркін бағдарламаның аралас жұптық сынында финалдық бәсекелері өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан намысын Виктор Друзин мен Наргиза Болатова қорғады. Отандастарымыз 241.4613 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Кантинин Адисайсирибутр, Супитчая Сонгпан - 257.6872

Кайцзе Вэн, Сужуй Ян - 242.4933

Виктор Друзин, Наргиза Болатова - 241.4613

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын польшалық маман жаттықтыруы мүмкін.