Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азиадада өнер көрсетуді аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық құзға өрмелеушілер Тамара Улжабаева мен Аделия Утешева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында бақ сынады.

Фото: Арлан Олжабай

Отандастарымыз «жылдамдық» сайысында ел намысын қорғады.

Тамара Улжабаева ширек финалда өз тобында 8.11 уақыт нәтижесін тіркеп, жартылай финалға өткен еді. Дегенмен спортшы бұл кезеңде 7.50 уақыт көрсеткішімен төртінші орынға тұрақтап, финалға өте алмады.

Аделия Утешева да ширек финалда өнер көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, ол 7.77 секундта мәреге жетіп, үшінші орын алды. Бірақ жартылай финалға шыға алмады.

Қазақстандық боксшылардың Азия ойындары финалындағы қарсыластары анықталғанын жазған едік.