Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған іс-шараны Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК), Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) және «Азия балалары» халықаралық комитеті (CAIC) бірлесіп ұйымдастырады.
Лагерь OCA/OS континенттік бағдарламасы аясында өткізіледі. Оның басты мақсаты — Азия құрлығында мәнерлеп сырғанау спортын дамыту және қолдау.
Жиынға Азия елдерінен 2009–2013 жылдар аралығында туған жас спортшылар қатысады. Қазақстан атынан Екатерина Доставалова мен Семен Резник өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыс» хоккей клубының Ресейдегі «Иван Ромазан мемориалы» турниріне қатысатынын хабарлаған болатынбыз.