Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде қолдану» халықаралық семинарына Қазақстаннан «Келешек мектептері» жобасының 50-ге жуық директоры қатысты.
Семинар барысында қатысушылар қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасып, білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдерін зерделеді. Сондай-ақ цифрлық шешімдерді пайдалану, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу және мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді ынтымақтастық үлгілерімен танысты.
«Семинар қорытындысы бойынша зерделенген тәжірибелерді "Келешек мектептерінің" жұмысына кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда», – деп хабарлайды министрлік.
Айта кетейік, Бурабай қазақстандық жастардың ғылыми алаңына айналды.