КАИР. KAZINFORM — Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Каирде өтіп жатқан Əлем кубогының күміс жүлдегері атанды.
Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, ол 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді.
Никитаның еншісінде 31, ал жеңімпазда 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.
Бұл Ұлттық құрама мергендері Мысырда қол жеткізген 4-медаль (1 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Бұл рейтингтік Әлем кубогында 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.