Қазақстандық мергендер Азиадада жүлдеге бір қадам жетпей қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден кезекті жарыстың жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: ҰОК

25 метр қашықтықтан жылдам ататын тапаншамен нысана көздеуден ерлер арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы (Артемий Кабаков, Никита Чирюкин, Кирилл Цуканов) жүлдеге бір қадам ғана жетпей қалды.

  • Оңтүстік Корея — 1749 ұпай
  • Қытай — 1740 ұпай
  • Индонезия — 1720 ұпай
  • 4-орын. Қазақстан — 1711 ұпай

Ал жекелей сында Қазақстан атынан Никита Чирюкин финалда өнер көрсетіп, жарысты 8-орынмен аяқтады.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея спортшысы алтын медаль иеленсе, Қытай өкілі күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал үздік үштікті Пәкістан спортшысы түйіндеді.