Оның айтуынша, оған «Bizcochito» және «Despecha» хит әндерінің орындаушысы өзі хабарласқан. Жеке әңгімеде ол ұсынысты қабылдағанын, бірақ келісімшартқа қол қою процесі ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты.
— Розалия испан тілді әнші болғандықтан, әніміз латын мотивімен, дәлірек айтсақ, реггитон жанрында болуы әбден мүмкін. Бұл жанр Қазақстанға енді ғана еніп жатыр деуге болады», - деді ол.
Розалия — 80-нен астам түрлі музыкалық марапаттарға ие испан әншісі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - екі Грэмми мүсіншесі. Spotify профилінде әртістің ай сайын 24,5 миллионға жуық тыңдаушысы бар, ал ең танымал трек — Despecha бір миллиардтан астам тыңдау жинады.