Әлемнің 39 елінен оқушылар қатысқан ағылшын тілінің KGL Contest-2026 халықаралық олимпиадасының A1 деңгейі бойынша финалында Ерасыл Жиенғали бақ сынады. Алматы облысынан барған оқушы өз деңгейінде үздік болып, бірінші орын алды.
⁃ Бұл жеңістен мен өзіме маңызды қорытынды жасадым. Өзіңе сеніп, соңына дейін әрекет етсең, еңбегің міндетті түрде нәтижесін береді. Мен үшін бұл — жай ғана медаль емес, үлкен тәжірибе болды, - деді Ерасыл Жиенғали.
Ал A2 деңгейінде Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Адель Талғат күміс жүлде жеңді. Білім сайысының қорытынды кезеңіне елімізден жалпы төрт оқушы қатысқан.
Жалпы мектепке арналған KGL Contest ағылшын тілінің олимпиадасында қазақстандық оқушылар екінші рет сайысқа түсіп отыр. Алғаш рет 2025 жылы қатысқан Алматы қаласының оқушысы Дария Насимуллина B2 деңгейі бойынша бірінші орын иеленген болатын.
Еске салайық, елімізде ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегері 10 есе көбейді.