Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада сегіз медаль жеңіп алды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

Мансур Мамадахунов — Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Алдияр Сейтбай — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Әли Еркебұланұлы — ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

Кіші жас санаты (7-8 сынып):

Ахмет Бердімұрат — Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

Темір Оразбек — Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

Азамат Рахимбердиев — Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика); Ислам Ермуханов — Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

Олимпиаданың жұмыс тілдері — ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

Айта кетелік Қытайдың Xi’an Jiaotong University жанынан «Шәкәрім» мәдени зерттеулер орталығы ашылды