Отандастарымыз шекаралық өткізу бекеттері арқылы өтіп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді. Кейін олар Қазақстанға оралды.
СІМ мәліметінше, бұл операция Иордания билігімен сындарлы өзара іс-қимылдың нәтижесінде жүзеге асты және шетелдегі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – министрліктің басым бағыттарының бірі екендігін көрсетеді.
- ҚР-ның Амман мен Тель-Авивтегі дипломатиялық өкілдіктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылап, Газа секторы мен Палестинада жүрген азаматтармен тұрақты байланыс орнатып отыр, - делінген ақпаратта.
Сыртқы істер министрлігі Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, тығырыққа тірелген Газада тәртіпсіздік белең ала бастады.